Қойылым

?
Киелі сахнада жүргеніме біраз уақыт болыпты.
Әр қойылым сайын үлкендер бізге сахна жеңілдігін берсін деп бата береді. Көптеген көрермен алдында өнер көрсету оңай емес. Оған ұзақ дайындық керек. Қойылымдағы 5 минуттық сөзің үшін, немесе 3 минуттық биің үшін қанша еңбек пен уақыт кетеді. Соның бәрі сахна алдындағы көрерменнің қошеметі және жан мен тән рахаты үшін. ?
02.02.2024 03.02.2024 2 күн қатарынан Мұхтар Шахановтың “Танакөз” поэмасын сахналадық. Шығарманың негізгі арқауы-достық пен махаббат. Шынайы достық пен пәк сезімнің айқын көрінісі. Тойдың боларынан боладысы қызық дегендей бізге дайындық кездері сондай ыстық. Бір-бірімізді шынайы танып, достығымыз одан сайын берік бола бастайды.??
Бұл қойылым “Шаңырақ” театрының тарихына жаңа леп, жаңа мүмкіндіктер алып келді. Режиссеріміз Бағдат Әшімнің тапқырлығының арқасында бұл қойылым көрерменнің ыстық ықыласымен қошеметіне ие болды.?